14 шілде 2026 жылы Алматы қаласының Алмалы және Жетісу аудандары аумағында Райымбек даңғылы — Бродский көшесі — Рысқұлов даңғылы — Сейфуллин даңғылы контурында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ 15 шілде 2026 жылы сынақ Алатау және Жетісу аудандары аумағында Яблочков — Азовская — Рысқұлов — Серіков — Ратушный — Ангарская көшелері, БАКА бойы — Момышұлы — Ақ-Қайнар кенті — Мөңке би — Боролдай контурында өтеді.
Магистральдық және тарату құбырларын тексеру кезінде, таңғы сағат 4:00-ден 7:00-ге дейін, қала тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын сақтау ұсынылады.
Қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына қарамастан, төтенше жағдайлардың орын алуы мүмкін: судың жер бетіне шығуы, жол төсемінің ішінара бұзылуы.
Мұндай жағдайларда ешқандай өз бетінше әрекет жасамаңыз, дереу оқиға орнын тастап, бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС-не телефон арқылы хабарлаңыз: 351-27-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (ішкі 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 нөмірі бойынша.
Аталған аумақтардың контурларында тұратын барлық тұтынушыларға ыстық сумен жабдықтау толық сақталады.
Гидравликалық сынақтар жылу желілерінің жай-күйін тексеру, олардың жабдықтарын тексеру және қаланың жылу шаруашылығын алдағы жылыту маусымына дайындау аясында құбырлардың проблемалық учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауыңызды сұраймыз!
Дереккөз: Almaty.tv