Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, Төле би көшесінің Өтеген батыр көшесінен Вилюйская көшесіне дейінгі учаскесінде шығыс бағытта автокөлік қозғалысы шектелді. Солтүстік жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға және уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауға кеңес беріледі.
ЛРТ желісінің бірінші кезегі Момышұлы көшесі – Төле би көшесі – Абылай хан даңғылы – «Алматы-2» теміржол вокзалы бағытымен өтеді. Бұған дейін Төле би көшесінде ескі трамвай рельстерін бөлшектеу басталған болатын. Дайындық жұмыстары барысында көшеден тіпті «қазына» да табылды.
Дереккөз: Zakon.kz