
Алматыда «Снежный Барс» теннис турнирі өтіп, қатысушылар 5 миллион теңге жүлде қоры үшін бақ сынасты. Бұл – қазақстандық теннистегі ең танымал әуесқой жарыстардың бірі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Биыл кортқа 45+ жастағы әуесқойлар мен U14 санатындағы жас кәсіби теннисшілер шықты. Турнир 16 және 17 мамырда өтіп, 28 жұпты жинады. Бірінші күні қатысушылар топтық кезең мен 1/8 финалдық матчтарды өткізсе, екінші күні ширек финалдан бастап күрес жалғасты.
«Снежный Барс» ерекшелігі – оның атмосферасы: мұнда тәжірибелі әуесқойлар мен жас теннисшілер қатар ойнап, мұндай матчтар олар үшін маңызды ойын тәжірибесіне айналады. Корттарда эмоция, шиеленісті розыгрыштар, серіктестердің қолдауы мен нағыз спорттық күрес болды.
Биыл жүлде қоры осындай формат үшін рекордтық деңгейге жетіп, 5 000 000 теңгені құрады.
Masters санатында Арманжан Сулайманов пен Алдияр Тлеубаев жеңіске жетіп, 1,8 миллион теңге бас жүлдені иеленді. Екінші орынды Сергей Шахворостов пен Евгений Щетников, үшінші орынды Роман Марков пен Жасулан Арыстанбеков алды.
Futures санатында Ахмед Галал мен Фатих Ибрагимов жеңімпаз атанды. Күміс – Арыстан Абижанов пен Санжар Болатта, қола – Денис Старостенко мен Даниил Назарчукта.
Ұйымдастырушылар қатысушыларды дәстүрлі эксклюзивті монеталармен – салмағы 1 унция болатын 999,9 сынамалы күміс «Снежный Барс» символдарымен марапаттады. Оларды Руслан Ибрагимов, Адиль Мушекбаев, Ариана Алимжанова және Амирхан Куанышбеков алды.
«Мен үшін бұл турнирдегі ең құнды нәрсе – адамдар, олардың арқасында бұл мүмкін болды. Осы демалыс күндері кортқа шыққан барлық ойыншыларға, үлкен жұмыс пен нағыз турнир атмосферасын жасаған төрешілер бригадасына рахмет. Бұл адамдар ұйымдастыруға орасан күш пен назар аударды. Мұндай оқиғаларды жалғыз жасау мүмкін емес», – деді Владимир Пономарев.
Дәстүр бойынша ұйымдастырушылар марапаттау бөліміне ерекше көңіл бөлді – қатысушылар кубок, медаль және естелік сыйлықтар алды.
Дереккөз: Almaty.tv