Синоптиктер Алматы, Астана және Шымкентте 8 шілдеде күтілетін ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бүгін Алматыда аздаған жаңбыр күтіледі. Күндіз температура +32 градусқа дейін көтеріліп, түнде +22 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,6 м/с болады.
Астана тұрғындарына аз бұлтты ауа райы болжанып отыр. Күндіз ауа +29 градусқа дейін жылынса, түнде температура +19 градусқа дейін төмендейді. Жел жылдамдығы – 5,8 м/с.
Шымкентте бүгін ашық аспан күтіледі. Күндіз термометр бағандары +39 градусқа дейін көтеріліп, түнде +24 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 7,8 м/с деңгейінде болады.
Дереккөз: Nur.kz