...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда суды жаппай өшіру туралы ақпарат жалған: «Алматы Су» мәлімдеме жасады

Алматы тұрғындарын алдағы демалыс күндері суды жаппай өшіру туралы жалған хабарламалар тарағанына байланысты ескерту жасалды. Қала тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Алматы Су» мекемесінің хабарлауынша, алдағы демалыс күндері Алматыда суық суды жаппай өшіру жоспарланбаған. Әлеуметтік мессенджерлерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

«Алматы қаласында су беру әдеттегі режимде жүзеге асырылуда, жақын арадағы екі аптада абоненттердің бір бөлігін суық сумен жабдықтаудан ажыратумен жоспарлы жұмыстар жоспарланбайды», — делінген «Алматы Су» хабарламасында.

Айта кетейік, сумен жабдықтау жүйесінің жұмысы туралы өзекті ақпарат кәсіпорынның ресми сайтында, сондай-ақ оның әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылады.

«Жалған ақпаратты таратпауды сұраймыз және тек ресми көздерге сенуді өтінеміз», — деп қосты «Алматы Су» өкілдері.