...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда SOS түймесі бар алғашқы көмек модулі пайда болды

Алматыдағы жаңа Flow Park саябағында, самокат, скейтборд және BMX алаңдары орналасқан жерде, тәулік бойы жұмыс істейтін модульдік алғашқы көмек пункті іске қосылды. Ол SOS түймесімен және телемедицина жүйесімен жабдықталған, бұл зардап шеккендерге жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық цифрландыру басқармасының мәліметінше, денсаулығы нашарлап немесе жарақат алған жағдайда тұрғын SOS түймесін басып, жедел жәрдем диспетчерімен лезде байланыса алады. Медицина қызметкері қашықтан модульді ашып, адамның жағдайын аудио- және бейнебайланыс арқылы бағалап, бригада келгенге дейін нұсқау береді.

Өлшемі 2×2,5 метр болатын пункт ішінде дефибриллятор, жараларды алғашқы өңдеу құралдары, жедел коронарлық синдром кезінде көмек көрсетуге арналған медициналық жиынтық, брезент көрпе және баспай болаттан жасалған кушетка орналасқан.

Модуль үздіксіз интернетпен, 360 градус шолуы бар сыртқы бейнебақылау камерасымен, ішкі камералармен, ақпараттық дисплеймен және қашықтан басқарылатын телемедициналық кешенмен жабдықталған. Диспетчер нақты уақыт режимінде жабдық пен алғашқы көмек құралдарын қалай пайдалану керектігін түсіндіре алады.

Құрылым жоғары берік HPL-панельдер мен баспай болаттан жасалған, әртүрлі ауа райы жағдайларына төзімді.

Бұған дейін Қазақстанның барлық облысында 2027 жылға қарай травматологиялық орталықтар құрылатыны хабарланған болатын.

Дереккөз: Inform.kz