Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жол қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
25 маусым күні сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Мустафин көшесінен Науаи көшесіне дейінгі аралықта жол жабылады.
Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген стендтер орнатылады.
Жүргізушілерге өз бағдарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Еске салайық, 20 маусымнан бастап Алматыда бірқатар учаскелерде жол жөндеу жұмыстарына байланысты төрт автобус бағытының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді.
Дереккөз: Inform.kz