...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда скейтбординг алаңы бар жаңа саябақ ашылды

Алматының «Жас Қанат» шағын ауданында бос жатқан жердің орнына серуендеу жолдары, жасыл аймақтар және скейтбординг алаңы бар саябақ салынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұған дейін бұл аумақ игерілмеген бос алаң болған. Енді мұнда тұрғындарға арналған демалыс орны пайда болды: жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, көгалдандырылған аумақтар және роликті тақтаймен сырғанауға арналған арнайы алаң жасалды.

Жаңа нысан «Жас Қанат» шағын ауданының тұрғындары үшін қолжетімді демалыс пен белсенді уақыт өткізу мүмкіндігін береді.