...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Шымбұлаққа қатынау төрт айға дерлік шектеледі

24 шілдеден 30 қарашаға дейін Алматыдағы Медеу – Түйіксу автомобиль жолында уақытша жүріс шектеулері енгізіледі. Бұл Шымбұлақ шатқалындағы инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Шектеулер инженерлік инфрақұрылымды жоспарлы жаңғыртуды жүргізуге байланысты. Жұмыстар инженерлік желілердің сенімділігін арттыруға және Шымбұлақ шатқалы аумағында орналасқан нысандардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Жұмыстар жүргізілетін кезеңде жол бойымен автомобильдердің жүруі шектеледі. Сонымен қатар, жедел және авариялық қызметтердің көліктері, шатқал тұрғындары, сондай-ақ арнайы техника үшін жүріс сақталады.

Туристік нысандар әдеттегі режимде жұмыс істей береді. Жаяу туристер шатқалға әлі де кіре алады. Баламалы маршрут ретінде «Медеу» бөгетінің жанындағы №12 және №21 автобустардың соңғы аялдамасынан басталатын, бөгеттің астынан өтіп, «Горельник» визит-орталығына шығатын Студенттік соқпақты пайдалану ұсынылады.

Маршрут көтерілу учаскелері бар топырақ соқпағымен өтетіндіктен, туристерге ыңғайлы спорттық немесе треккингтік аяқ киім таңдауға кеңес беріледі. Алматы тұрғындары мен қонақтары сапарларын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеріп, жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұрайды.

Дереккөз: Inalmaty.kz