7–8 тамыз 2026 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының алаңында XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік «Шипажай-2026» форумы өтеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Форум курортология, санаторлық-курорттық емдеу және медициналық оңалту саласындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың бірі болып табылады. Дәстүр бойынша форум курортология, медициналық оңалту және санаторлық-курорттық саланың қазіргі тенденцияларын, ғылыми жетістіктерін және даму перспективаларын талқылау үшін негізгі халықаралық алаң болып келеді. Іс-шараны ұйымдастырушылар – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасының Ұлттық курорттық қауымдастығы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы және «Санкур-эволюция» курорттарды дамыту қауымдастығы (Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының қолдауымен.
Форум аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:
- «Курортология және қалпына келтіру емі саласындағы заманауи технологиялар мен инновациялық тәсілдер» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы;
- «Халық денсаулығын сақтау және санаторлық-курорттық саланы дамытудағы медициналық цифрлық шешімдер» семинары;
- «Қазіргі санаторлық-курорттық оңалтудағы дәстүрлі және комплементарлы әдістер: ғылыми тәсілдер мен практикалық тәжірибе» мастер-классы (12 академиялық сағат);
- Санаторлық-курорттық ұйымдардың, медициналық жабдықтардың, фармацевтикалық өнімдердің, цифрлық шешімдердің және денсаулық сақтаудағы инновациялық технологиялардың мамандандырылған халықаралық көрмесі.
Форум мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың, медициналық ұйымдардың, санаторлық-курорттық саланың өкілдерін және Қазақстаннан, Қытайдан, Сингапурдан, Түркиядан, Әзірбайжаннан, Тәжікстаннан, Ресейден, Беларусьтен, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Еуропа елдерінен және АҚШ-тан келген жетекші халықаралық сарапшыларды біріктіреді. Форум қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының курортология мәселелері» ғылыми-тәжірибелік журналының арнайы нөмірін шығару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының санаторлық-курорттық саласын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың және практикалық денсаулық сақтаудың өкілдерін біріктіретін Курорттық кеңес құру жоспарлануда.
Дереккөз: Almaty.tv