...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда шыбын-шіркей лаңы: тұрғындар серуендеу мүмкін емес деп шағымдалды

Алматы тұрғындары бірнеше күннен бері қалада шыбын-шіркейдің көптігіне алаңдап, әлеуметтік желіде наразылық білдіруде. Әкімдік жәндіктердің пайда болу себебін әлі анықтаған жоқ, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала тұрғындары Threads әлеуметтік желісінде шыбын-шіркейдің көптігіне шағымданып, олардың көзге, шашқа, кофеге, тіпті ауаға толып кеткенін айтады. Кейбірі Достық көшесінде серуендеудің мүмкін емес екенін, жәндіктердің бетке ұшып, мұрын мен көзге кіріп, қарапайым серуенді сынаққа айналдырғанын жеткізді.

«Алматы, бұл не болып жатыр? Қаланы шыбын-шіркей басып кетті. Олар барлық жерде: көзде, шашта, кофеде, ауада. Кімде-кім неге бұлай екенін біле ме?» — деп жазды fetissiani қолданушысы.

NUR.KZ тілшісі Алматы әкімдігіне хабарласып, шыбын-шіркейдің көп болу себебін сұраған. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі энтомологиялық жағдайдың себептерін анықтау үшін Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымдарына, оның ішінде Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтына сұрау салған.

Зертханалық және далалық зерттеулердің нәтижесінде ғылыми негізделген қорытындылар мен күрес және алдын алу әдістері бойынша ұсынымдар әзірленетіні айтылды. Алынған мәліметтер негізінде тиісті шаралар қабылданады. Жағдай тұрақты бақылауда.

Дереккөз: Nur.kz