Алматыда 2026 жылдың басынан бастап қаланың әлеуметтік, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Бірінші жартыжылдықта 10 әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысы объектілері, сондай-ақ күрделі жөндеу және сейсмикалық нығайту жобалары бар. Бұл туралы Алматы қаласы Құрылыс басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Нысандардың негізгі бөлігі білім беру саласына қатысты. Зерделі шағын ауданында 550 орындық мектеп, Шұғыла шағын ауданында 340 орындық жатақханасы бар мектеп, Құрамыс, Жас-Қанат және Қалқаман шағын аудандарында жалпы сыйымдылығы 820 орындық үш балабақша, сондай-ақ Саялы шағын ауданында Даму және шығармашылық орталығы пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, №10 ясли-бақшаны қайта жаңарту және Бостандық ауданы Орбита-4 шағын ауданындағы ясли-бақша ғимаратын сейсмикалық нығайту жұмыстары аяқталды.
Денсаулық сақтау саласында Медеу ауданында жедел медициналық көмек қосалқы станциясы іске қосылды. Сондай-ақ Алмалы ауданындағы Абылай хан көшесіндегі Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимараты қайта жаңартылды.
Тұрғын үй құрылысы аясында Қалқаман-2 шағын ауданында халыққа қызмет көрсету объектілері бар көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінші кезегі аяқталды.
Жобаларды іске асыру халықтың білім беру, денсаулық сақтау және мектепке дейінгі тәрбие объектілерімен қамтамасыз етілуін арттыруға, жаңа оқушы және мектепке дейінгі орындар құруға, сондай-ақ қаланың әлеуметтік инфрақұрылымының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берді, деп атап өтті Алматы қаласы Құрылыс басқармасында.
Дереккөз: Almaty.tv