...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда сел қаупі: құтқарушылар тауға бармауға шақырды

Алматы тұрғындары мен қонақтарын ауа райына байланысты сел қаупі туралы ескертті. Тауға сапар шегуден бас тарту ұсынылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Құтқарушылар Іле Алатауы тауларына барудан бас тартуға шақырды, себебі 1 шілдедегі «Қазгидромет» РМК дауылды ескертуіне байланысты. Синоптиктердің мәліметінше, мегаполис таулы аудандарында қатты жауын-шашын салдарынан Кіші Алматы өзенінің алабында сел ағындары пайда болу қаупі бар.

Сел қауіпті аймақта болған кезде қазақстандықтар келесі қауіпсіздік шараларын сақтауы керек: таудағы жағдай туралы ресми хабарламаларды үнемі қадағалау; сел қаупі туындаған кезде дереу жердің биік учаскелеріне көтерілу; шатырлы лагерьлерді құрмау және өзен арналарында, сел жолдарының жанында, көл бөгеттерінде (дамбаларда) және олардың астында демалуға тоқтамау; тау өзендерінің жоғарғы ағысында қатты нөсер кезінде дереу арна мен қауіпті аймақтан кету.

Дереккөз: Nur.kz