Алматыда Сейфуллин даңғылының Бөгенбай батыр көшесімен қиылысындағы учаскеде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Шектеу құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге байланысты.
Учаскедегі қозғалыс 2026 жылғы 14 тамыз сағат 20:00-ден 17 тамыз сағат 06:00-ге дейін толығымен жабылады.
Фото: Алматы әкімдігі
Тұрғындар мен жүргізушілерден маршрутты алдын ала жоспарлап, жол жағдайындағы өзгерістерді ескеру сұралады.
Еске салайық, 14 тамызда Алматыда Канье Уэстің концерті күні Абай даңғылында, сондай-ақ Байтұрсынов пен Сәтпаев көшелерінде қозғалыс шектеледі.
Бұған дейін 11 тамыз сағат 23:00-ден 15 тамыз сағат 23:00-ге дейін Жандосов көшесінің бір учаскесінде қозғалыс шектелетіні хабарланған болатын.
Сондай-ақ 11 тамыз сағат 20:00-ден 15 тамызға дейін Кәкімбек Салықов көшесінен Жәңгір хан көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс толығымен жабылады.
16 тамызда, жексенбіде, Алматыда велоспорттан әлем чемпионаты өтеді. Осыған байланысты әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Талғар трактісіне дейінгі учаскесінде, сондай-ақ Достық даңғылынан Науаи көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысының схемасы уақытша өзгереді.
24 шілдеден 30 қарашаға дейін Шымбұлаққа апаратын Медеу — Түйік-Су автомобиль жолында көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
