Алматыда Саина көшесіндегі автобусқа арналған жолақ жобасы аяқталды, енді ол барлық көлік түрлеріне ашық, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұған дейін бөлінген жолақ пилоттық жобаның бөлігі болған. Қала әкімдігінің мәліметінше, жоба толық аяқталды.
Бұрынғы арнайы жолақ қазір барлық көлік түрлеріне қолжетімді. Жол белгілерінде тұтас сызық сақталған — ол қозғалыс тәртібін реттеп, жолдағы қақтығыс жағдайларын азайтуға арналған. Аулалардан кіру мен шығу үшін белгілерде қажетті үзілістер қарастырылған.
Камералар бұрынғы автобус жолағымен жүруді ереже бұзу ретінде тіркемейді. Дегенмен жүргізушілер қолданыстағы жол белгілері мен жол қозғалысы ережелерін сақтауы тиіс.
«Қазір бұрынғы арнайы жолақ барлық көлік түрлерінің қозғалысына ашық. Тұтас сызық қозғалысты реттеу және жолдағы қақтығыс жағдайларының санын азайту үшін сақталды. Аулалардан кіру және шығу үшін белгілерде қажетті үзілістер қарастырылған», — делінген хабарламада.
