Алматыда Саин көшесіндегі қозғалыс схемасы өзгертілді. Бұл тұрғындардың шағымынан кейін жасалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұған дейін 20 маусымнан бастап Саин көшесінің Рысқұлов даңғылы мен Мұстафин көшесі аралығындағы учаскесінде қоғамдық көлікке арналған жолақ пилоттық режимде бөлінген еді. Алайда бұл кептелістерге әкелді.
30 маусымда Алматы қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы әлеуметтік желілердегі азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын талдағанын хабарлады.
«Талдау қорытындысы бойынша басқа көшелерге қосылатын және шығатын жерлердегі үзік сызықтардың ұзындығы ұлғайтылды. Бұл жүргізушілерге маневрлерді ыңғайлы әрі түсінікті етуге мүмкіндік береді», — делінген басқарманың Instagram-аккаунтында.
Саин көшесіне қосылатын және шығатын жерлердегі үзік сызықтың ұзындығы 20 метрден 40 метрге дейін ұзартылды. Мұндай шаралар Қойшұманова, Жандосова, Жұманова, Қабдолова және басқа көшелердің қиылыстарында қабылданды.
Басқарма қосымша жол белгілері түсірілгеннен кейін Саин көшесіндегі жағдай жақсарғанын мәлімдеді.
Дереккөз: Nur.kz