...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Рысқұлбеков көшесінде қозғалыс қайта жабылады

Алматыда Рысқұлбеков көшесінде жөндеу жұмыстарына байланысты қатарынан екінші күн қозғалыс шектеулері енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Almaty Joly Telegram-арнасының мәліметінше, Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен, уақытша шектеулер енгізіледі. 26 маусымда сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Мустафин көшесінен Саин көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толығымен жабылады.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 25 маусымда сағат 22:00-ге дейін Рысқұлбеков көшесінің Мустафин көшесінен Науаи көшесіне дейінгі бөлігінде шектеулер әрекет етеді.

Дереккөз: Nur.kz