...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жол қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

13 мамыр сағат 08:00-ден 14 мамыр сағат 23:00-ге дейін Саин даңғылы мен Мұстафин көшесі аралығындағы учаскеде қозғалыс толығымен жабылады.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген стендтер орнатылады. Қала тұрғындарынан маршрутты алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Қозғалыс шектеулері туралы толық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және Яндекс Карта сервистерінде жарияланған.

Дереккөз: Almaty.tv