
Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс толығымен шектеледі. 13 мамыр сағат 08:00-ден 14 мамыр сағат 23:00-ге дейін көлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Шектеулер Саин даңғылы мен Мустафин көшесі аралығындағы учаскені қамтиды. Жөндеу орнында ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер орнатылады.
Тұрғындар мен жүргізушілерге уақытша шектеулерді ескере отырып, бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Дереккөз: Nur.kz