...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Құлжа трактінің бір бөлігінде жол жөндеуге байланысты қозғалыс шектеледі

Алматыда Құлжа трактінің бір бөлігінде жол жабынын орташа жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қозғалыс шектеулері енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің мәліметінше, 24 шілде сағат 20:00-ден 27 шілде сағат 08:00-ге дейін Бұқтарма көшесінен қала шекарасына дейінгі аралықта жол жабынын орташа жөндеу аясында асфальтбетонның жоғарғы қабатын төсеуге байланысты реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Жүргізушілерді уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдап, уақытша жол белгілері мен белгіленген жылдамдық режимін сақтауға шақырады.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту жол белгілері, сондай-ақ мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.

Еске сала кетейік, Алматыда 25 шілдеден бастап оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер күшіне енеді. Жаңа шаралар қаланың орталық көшелеріне көлік жүктемесін азайтуға бағытталған.

Дереккөз: Inform.kz