...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда ҚазҰУ студентінің қайтыс болуы: күдікті ұсталды

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті қайтыс болды, күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл туралы 2026 жылғы 16 қарашада қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студентінің қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған. Оны ҚазҰУ баспасөз қызметі растады. Белгілі болғандай, жас жігіт география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студенті болған.