Алматыда Мамыр-3 және Мамыр-4 шағын аудандарында 3,6 гектар аумақ абаттандырылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жұмыс барысында 850-ден астам ағаш пен бұта отырғызылды. Сонымен қатар жарықтандыру жүйесі орнатылып, ойын және демалыс алаңдары жайластырылды.
Абаттандыру жұмыстары шағын аудандардың тұрғындары үшін жаяу жүргінге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
