...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Қарағайлы шағын ауданында ауыз су өшірілді: себебі – су қабылдағыштың ластануы

Наурызбай ауданындағы Қарағайлы шағын ауданының тұрғындары уақытша ауыз сусыз қалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімдігінің мәліметінше, судың өшірілуіне жергілікті су қабылдағыштағы су сапасының күрт нашарлауы себеп болған.

— Құрметті Наурызбай ауданы, Қарағайлы шағын ауданының тұрғындары. Бүгін, 2026 жылғы 3 шілдеде, сағат 16:50-дегі жағдай бойынша «Қарағайлы» су қабылдағышында судың мөлдірлігі 0 см құрайды. Су өте лас, осыған байланысты халыққа су беру уақытша тоқтатылды, — деді су ресурстары департаментінің өкілі Ғабит Жолдасов.

Қазіргі уақытта «Алматы Су» су тасығыштары мен Наурызбай ауданы әкімдігі таза ауыз су жеткізіп жатыр. Қарағайлы тұрғындары жағдайды түсіністікпен қабылдауға шақырылады — су қабылдағыштағы көрсеткіштер қалыпқа келгеннен кейін су беру қайта жанданады.

Бұған дейін ТЖМ Алматының таулы аймақтарында күшті жауын-шашын күтілетінін және сел тасқыны қаупі сақталатынын ескерткен болатын. Осыған байланысты Наурызбай ауданында жергілікті халықты ескерту жүйесі іске қосылды. Бұл шара тұрғындарды жағдайдың нашарлауы туралы уақытылы хабардар етуге бағытталған.

Кейін ТЖМ қаладағы гидрологиялық жағдай тұрақты болып қалғанын хабарлады. Мамандар сел қауіпті учаскелерді тәулік бойы бақылауды жалғастыруда, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі байқалмайды.

Дереккөз: Inform.kz