...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда «Қалқаман» метро станциясының құрылысы 97 пайызға аяқталды

Алматыда жаңа «Қалқаман» метро станциясының құрылысы аяқталуға жақындады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Наурызбай ауданы әкімдігінің мәліметінше, құрылыс жұмыстары 97 пайызға орындалған. Нысанды алты ай ішінде пайдалануға беру жоспарлануда. «Қалқаман» станциясы тәулігіне 130 мың жолаушыға қызмет көрсетеді деп күтілуде.

Жоба аясында 350 орындық автокөлік тұрағы салынып, тұрғындардың қолайлы қозғалысы үшін заманауи көлік инфрақұрылымы жасалады. «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейінгі жалпы ұзындық 5,3 км тоннельді құрап, үш жаңа станцияны қамтиды:

  • II станция — Төле би көшесімен қиылысқан жерде;
  • III станция — «Барлық» базары аумағында.

Аудан әкімдігі метроның жаңа желісін іске қосу қаланың батыс бөлігінің көліктік қолжетімділігін жақсартып, көшелердің жүктемесін азайтатынына сенімді. Бастапқыда «Қалқаман» станциясын 2025 жылы ашу жоспарланған еді. Оны пайдалануға беру тәуліктік жолаушы ағынын 20 мың адамға арттырады деп көрсетілген болатын. Алайда кейін іске қосу мерзімі 2026 жылға ауыстырылды.

Кейінірек «Қалқаман» станциясының құрылысын 2026 жылдың бірінші жартысында аяқтау жоспарланғаны, бірақ бұл тұрақты қаржыландыруға байланысты екені хабарланды.

Жақында Алматы метрополитентінің бірінші желісінің үшінші кезегін — «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейін салуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланды.

Дереккөз: Inform.kz