...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда қабырғаға жазу жазған екі еркек қамауға алынды

Алматының Алмалы ауданында қалалық нысандарға қызыл бояумен жазу жазған екі еркек әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алмалы ауданында полиция қалалық мүлікті бүлдірудің екі дерегін анықтады. Екі оқиға да бір уақытта болды.

Бірінші құқықбұзушыны учаскелік инспектор Жібек Жолы көшесінде ұстады. Ол — Алматы тұрғыны Мальцев Дмитрий Владимирович. Ол патрульдеу кезінде қоршауға қызыл бояумен жазу жазған.

Сол уақытта Брусиловский көшесінде тағы бір дерек тіркелді. 39 жастағы Абдираманов Жаппар Гайбуллаевич дүкен қабырғасына қызыл бояумен жазу жазған. Оның әрекетін де полиция қызметкерлері тоқтатты.

«Екі еркекке де қоғамдық орындардағы ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де нысандарды бүлдіргені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды», — делінген хабарламада.

Полиция материалдарды сотқа жіберді. Екі құқықбұзушы да кінәлі деп танылды. Әрқайсысына бес тәулік әкімшілік қамау тағайындалды.

«Полиция вандализм деректерін анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда. Бөтен мүлікке жазу жазу — зиянсыз әзіл емес, әкімшілік құқықбұзушылық, ол үшін жауапкершілік қарастырылған», — деп қосты ІІМ-де.