...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы мен бірқатар қала тұрғындарына ауа райы ескертуі жарияланды

27 қыркүйекте Алматы қаласында, түнде Өскемен, Риддер, Ақтөбе, Атырау, Петропавл қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» релизіне сәйкес, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл желдің тыныштығы, әлсіз жел, тұман, инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың бірігуі. Олар атмосфералық ауаның жер беті қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе басқа да ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулары бар адамдар ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерді өздерімен бірге алып жүруі керек.

Бұған дейін «Қазгидромет» 27 қыркүйекке арналған дауылды ескертуін жариялаған болатын.