
Алматыда психологиялық семинардың ұйымдастырушысы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шешімді қаланың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шығарды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, семинар өтіп жатқан кезде кейбір қатысушы әйелдер былапыт сөйлеп, айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткен. Бұл әрекеттер ұсақ бұзақылық ретінде сараланды. Медеу ауданы полиция басқармасының мәліметі бойынша, ұйымдастырушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.
Полиция департаменті кез келген бұқаралық және жария іс-шаралар қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтай отырып өткізілуі керектігін ескертті. Ведомство былапыт сөз қолдану және қоғамдық орындарда тәртіп нормаларын бұзу заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
Дереккөз: Inalmaty.kz