...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда пәтерде тіркелу нормасын өзгерту жоспарлануда

Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, тұрғын үй алаңының 15 шаршы метріне бір адамнан артық тіркелмеуі тиіс. Мысалы, ауданы 75 шаршы метр пәтерде бес адамнан артық тұра алмайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Мұндай шектеу Астанада бұрыннан қолданылып келеді. Осылайша, әкімдік «резеңке пәтерлер» санын азайтуды көздеп отыр.

Әкімдік жобаны депутаттардың бекітуіне ұсынды. Оны 26 тамызға дейін талқылайды.

11 тамызда «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова кезекте тұрғандардың қанша тұрғын үй ала алатынын және қашан алатынын айтты.