
Алматыда отбасыларды қолдау жаңа деңгейге көтерілді. Енді бұл тек атаулы көмек емес, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдармен кешенді жұмыс. Мақсат – тек қолдау ғана емес, қалпына келуге, жаңа дағдылар алуға және өз бетінше жолға шығуға көмектесу, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бостандық ауданында мұндай жұмысты Отбасын қолдау орталығы жүргізеді. Орталық мамандарының не істейтіні туралы Almaty.tv телеарнасының тікелей эфирінде Бостандық ауданы бойынша Әлеуметтік қызметтің жетекшісі Асия Исаева айтып берді.
Дереккөз: Almaty.tv