
Алматыда тағы бір ағаш құлау оқиғасы тіркелді. Бұл жолы диаметрі 90 см-ге жуық терек электр желілері мен тұрақта тұрған автокөліктерді зақымдады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Instagram-ның almatinec_live парақшасында жарияланған видеода ағаштың сымдар мен көліктердің үстіне құлағаны көрінеді. Оқиға Бөгенбай батыр мен Бегалин көшелерінің қиылысында болған.
Медеу ауданы әкімінің аппараты құлаған ағаштың ішкі белгілері бойынша кеуіп қалған терек екенін, бірақ сырттай апаттық белгілер байқалмағанын хабарлады.
Ағаш құлаған кезде сыртқы желі кабельдері мен бір автокөлік зақымданды. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тиісті қызметтер аумақты тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Дереккөз: Nur.kz