Алматыда тағы бір заңсыз салынған кафе бұзылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, жазғы терраса Гете көшесі, 274/32 учаскесінде орналасқан. Жоспардан тыс тексеру барысында мамандар нысанның қажетті рұқсат құжаттарынсыз салынғанын анықтады.
Басқармада атап өткендей, меншік иесі тексеру шаралары аяқталмай тұрып, өз еркімен заңсыз құрылысты бұзған.
Әкімдік құрылыс нысандарын салу қолданыстағы заңнама талаптарына және барлық қажетті рұқсаттар болған жағдайда жүзеге асырылуы керектігін еске салды.
Дереккөз: Inalmaty.kz