...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда кафеге заңсыз салынған жазғы терраса бұзылды

Алматыда кафеге заңсыз салынған жазғы терраса бұзылды. Құрылыс рұқсат құжаттарынсыз салынғаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, заңсыз салынған жазғы терраса Гете көшесі, 274/32 учаскесінде орналасқан.

«Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның рұқсат құжаттарынсыз салынғаны анықталды», — делінген басқарма хабарламасында.

Алайда тексеру аяқталмай жатып, меншік иесі өз еркімен заңсыз құрылысты бөлшектеген.

Дереккөз: Nur.kz