...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда Наурызбай және Алатау аудандарында газ уақытша өшіріледі

Алматыда Төле би көшесін салу аясында қысымы жоғары газ құбырларын (диаметрі 520 мм және 720 мм) қайта жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты 27 шілде сағат 9:00-ден 31 шілде сағат 18:00-ге дейін мына көшелердің шегінде табиғи газ беру уақытша тоқтатылады: Момышұлы көшесі – Абай даңғылы – Строительная көшесі – Мөңке би көшесі – Фариза Оңғарсынова көшесі.

Тұрғындарды уақытша қолайсыздықты түсіністікпен қабылдап, қажетті шараларды алдын ала қабылдауын сұраймыз.

Дереккөз: Almaty.tv