...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Медеу ауданының бір бөлігінде 12-16 мамыр аралығында газ уақытша өшіріледі

«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Алматы өндірістік филиалы жаңадан салынған газ құбырларын қолданыстағы желілерге қосуға байланысты газбен жабдықтауды уақытша тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жұмыс екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезең 2026 жылғы 12-16 мамыр аралығында өтеді.

Көрсетілген кезеңде Медеу ауданындағы Көк-Төбе шағын ауданы — Достық даңғылы — Армян көшесі — Тәттімбет көшесі аралығындағы аумақта газбен жабдықтау уақытша тоқтатылады.

Сондай-ақ жұмыс жүргізу кезінде көлік қозғалысына ішінара шектеулер енгізілуі мүмкін:

  • Ж. Омарова көшесінің Тәттімбет көшесімен қиылысы тұсында;
  • Луганский көшесінің Армян көшесінен әл-Фараби даңғылындағы көпірге дейінгі учаскеде.

Жаңа желілерді қосу аталған ауданда газбен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдау сұралады.

Дереккөз: Almaty.tv