...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Манаса көшесінің бір бөлігі төрт күнге жабылады

Алматыда 31 шілде кешкі сағат 19:00-ден бастап Манаса көшесінің бір бөлігінде жол жүрісі уақытша шектеледі. Бұл жол төсемінің орташа жөндеу жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 31 шілде сағат 19:00-ден 4 тамыз сағат 8:00-ге дейін Абай даңғылы мен Тимирязев көшесі аралығындағы жол толығымен жабылады.

Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жерге ескерту жол белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.

Жүргізушілерге шектеулерді алдын ала ескеріп, айналып өту бағытын жоспарлауды сұрайды.

Дереккөз: Inalmaty.kz