...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Манас көшесі мен Абай-Жароков қиылысында жол уақытша жабылады

Алматыда Манас көшесінде, сондай-ақ Абай даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Манас көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 31 шілде сағат 19:00-ден 4 тамыз сағат 08:00-ге дейін Абай даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс толығымен жабылады.

Жөндеу жұмыстары кезінде учаскеде ескерту жол белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.

Сонымен қатар, «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның Алматы өндірістік филиалы Абай даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында қозғалыстың уақытша шектелетінін хабарлады. Газ тарату желілерін салу және жаңғырту жобасы аясында мамандар Абай даңғылы мен Жароков көшесі арқылы газ құбырының өткелін орнату жұмыстарын жүргізеді.

Құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты 1 тамыз сағат 06:00-ден 2 тамыз сағат 24:00-ге дейін жұмыс жүргізілетін учаскеде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Компанияда атап өткендей, жобаны іске асыру Алматының газбен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан маршруттарын алдын ала жоспарлауды, уақытша шектеулерді ескеруді, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің нұсқауларын орындауды сұрайды.

Бұған дейін Алматыда Хо Ши Мин көшесінің Универсиада көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі учаскесі солтүстік бағытта жабылған болатын.

Дереккөз: Inform.kz