Алматыда тамыз айының алғашқы күндерінде күшті ыстық сақталады. Синоптиктердің болжамы бойынша, 1-3 тамыз аралығында күндіз ауа температурасы +39 градусқа дейін жетеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
1 тамызда ауа райы айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды. Түнде ауа температурасы +20…+22°C, ал күндіз ауа +35…+37°C дейін жылиды.
2 тамызда да жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрді құрайды, түнде +21…+23°C, күндіз +37…+39°C болады.
3 тамызда ыстық ауа райы айнымалы бұлттылықпен, жауын-шашынсыз сақталады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, кешке қарай кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +23…+25°C, күндіз +36…+38°C болады.
Дереккөз: Inalmaty.kz
