
4 маусымнан 5 маусымға қараған түні Алматының Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, 1988 жылы туған әйел бесінші қабаттың терезесінен секіріп, суицид жасаған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады.
Наурызбай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері осы факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
— Қайтыс болған әйелдің осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны екені анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша, соңғы кездері ол жеке жағдайларына байланысты ауыр эмоционалдық күйде болған, — деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматы төтенше жағдайлар департаменті жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігі шараларын еске салған болатын. Жыл басынан бері терезелерден балалардың құлауының 4 жағдайы тіркелген.
Дереккөз: Inform.kz