Бостандық ауданындағы көпқабатты үйдің пәтерінде болған өрт салдарынан бір әйел ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бүгін Мынбаева көшесіндегі үйде өрт шыққаны туралы хабарлама «112» пультіне түсті.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өрт екінші қабаттағы пәтердің балконында басталған. Кейін жалын қасындағы көкөніс дүңгіршегіне және үшінші қабаттағы пәтердің балконына тараған.
ТЖМ бөлімшелерінің күшімен өрт оқшауланып, толық сөндірілді.
Екінші қабаттағы пәтерден 1959 жылы туған әйел медициналық мекемеге жатқызылды.
Өрттің мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Алматыда Әді Шәріпов көшесіндегі 13 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт болған еді. Сол өрт салдарынан бір әйел қаза тапқан.
