Алматыдағы Сатпаев шыңынан түсу кезінде үш қыз адасып, құтқарушылар олардың орналасқан жерін геолокация арқылы анықтап, қауіпсіз жолмен эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 30 тамыз 2026 жылы қыздар тобының орналасқан жері туралы ақпарат құтқарушыларға түскен. Геолокация деректерінің арқасында мамандар қыздардың координаттарын жылдам анықтап, оларға қарай жол тартқан.
Құтқарушылар туристерді тауып, оларды «Эдельвейс» турбазасының шлагбаумына дейін қауіпсіз бағытпен алып барған. Қыздарға медициналық көмек қажет болмаған, олар қауіпсіз аймаққа жеткізілген.
Бұған дейін ТЖМ қызметкерлері тұрғын үйде болған өрт кезінде бес баланы құтқарған болатын.
