Алматыдағы Қайрат шағын ауданында «Jeti Qazyna» тұрғын үй кешені үшін жаңа су бұру желілерін тарту басталады, осыған байланысты бір учаскеде 15 қазанға дейін көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 тамыз бен 16 қазан аралығында Қайрат шағын ауданында, 300 учаскеде орналасқан «Jeti Qazyna» тұрғын үй кешені үшін су бұру желілерін тарту жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты кейбір көшелерде автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі. Желілерді тарту үш учаскеде жоспарланған.
Бірінші учаске Қорымдық көшесі, 1а қосылу нүктесінен Тараз және Байге көшелерінің қиылысына дейін өтеді. Мұндағы жұмыстар 31 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
Екінші учаске – Тараз және Байге көшелерінің қиылысынан Сұлтан және Байге көшелерінің қиылысына дейін. Жұмыстар 30 қыркүйек пен 15 қазан аралығында жүргізіледі.
Үшінші учаске – Сұлтан және Байге көшелерінің қиылысынан Сыбызғы көшесіне дейін. Жұмыстар 31 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жоспарланған.
«Жоба аясында кәріз желілерін монтаждау және аумақты кейіннен абаттандыру көзделген. Тұрғындар мен жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауды, маршруттарды жоспарлау кезінде шектеулерді ескеруді және уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз», – делінген әкімдік хабарламасында.
