...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда көбік паралонын шығаратын цех өртенді

Алматының Түрксіб ауданындағы Қайрат шағын ауданында орналасқан көбік паралонын өндіретін цехта өрт шыққаны туралы 112 пультіне хабарлама түскен, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіруге қалың түтін мен ғимарат ішіндегі материалдардың тез тұтанғыштығы кедергі келтірген. Өрт сөндірушілер жедел кірісіп, оттың одан әрі таралуына жол бермеді.

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, 2026 жылғы 14 қарашада Ұлытау облысында екі қабатты сауда ғимаратында орналасқан нан сататын бөлімде өрт болған.