...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда кафе саябақтың бір бөлігін жазғы террасаға «басып алды»

Алматы тұрғыны Threads әлеуметтік желісінде заңсыз құрылыстың суреттерін жариялады. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz сауалына жауап бере отырып, Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар мекеме әкімшілігімен түсіндірме-профилактикалық әңгіме жүргізілді. Құрылыс иесі оны бөлшектейтіні белгілі болды. Материалдар Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаментіне жіберілді.

Дереккөз: Zakon.kz