Әлеуметтік желіде Алматыда кәмелетке толмаған қызды ұрып-соғу бейнежазбасы тарады. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
HALYQSTAN Telegram-арнасында бейнежазба жарияланды, онда бірнеше қыз өз құрбысын бетінен ұрып, шашынан сүйреп, қорлап, тізерлетіп, болған оқиғаны видеоға түсіріп алған. Жазбада айтылғандай, ұрып-соғуға қатысушылардың бірі – кәмелетке толмаған қыз – бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялаған. Кейін видео жойылған, бірақ полиция қызметкерлері оны зерттеп үлгерген.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушылары анықталды. Болған жайттың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде, – деп нақтылады полицияда.
Тергеу барысы Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының бақылауында екені атап өтілді.
Дереккөз: Nur.kz