...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда итін адамға лақтырған әйел арнайы мекемеге жеткізілді

Алматыда өтіп бара жатқан адамдарға өз итін лақтырған әйелдің жеке басы анықталып, ол мамандандырылған медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оқиға бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарап, кең резонанс тудырған болатын. Бірнеше күн бұрын қалалық полиция қызметкерлері осы жазбаға қатысты тексеру жүргізіп жатқаны туралы хабарланған еді.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бүгін түсіндіргендей, әйел психоневрологиялық есепте тұрған. Қазіргі уақытта ол қажетті көмек көрсету үшін арнайы медициналық мекемеге орналастырылды.

«Полицейлер әйелдің психоневрологиялық есепте тұрғанын анықтады. Қазіргі уақытта ол қажетті көмек көрсету үшін мамандандырылған медициналық мекемеге жеткізілді», — деп атап өтті полицияда.

Ведомство өкілдерінің сөзінше, болған оқиғаға қатысты тексеру жалғасуда. Оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде жануарға қатысты әрекеттер де анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріледі.