...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда ІІМ арнайы операциясы: 10 күдікті ұсталды, оқ-дәрі тәркіленді

Алматыда полиция қызметкерлері 10 адамды ұстады, олар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деп күдіктеледі. Тінту кезінде Калашников автоматын қоса алғанда, бірнеше қару-жарақ тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, операция 8 мамыр күні өтті. Ұсталғандардың арасында бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері бар. Тергеу оларды қару қолданылған бұзақылық, бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сондай-ақ қаруды заңсыз сақтау және айналымы сияқты қылмыстарға қатысты деп есептейді.

ІІМ ақпараттық медиапорталының хабарлауынша, тергеу барысында полиция 21 санкцияланған тінту жүргізді. Заңсыз айналымнан көп мөлшерде қару мен басқа да қауіпті заттар алынды.

Бір күдіктінің үйінен бірнеше атыс және травматикалық қару табылды. Олардың ішінде – обрездер мен оқ-дәрісі бар Калашников автоматы. Ведомствоның хабарлауынша, бұл автомат Жамбыл облысы полиция департаментінен қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған.

Барлық ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сот тергеу мерзіміне қамауға алуды санкциялады.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жедел-тергеу шараларын жалғастыруда. ІІМ күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысын тексеріп, топтың басқа мүшелерін анықтауда.

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс елімізде қылмыстық топтардың жолын кесу жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Дереккөз: Nur.kz