Алматыда Ташкент трактісінде Hyundai Veloster көлігі бетон қоршауға соғылып, жүргізуші ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Көлік Ташкент трактісімен облыс бағытына қарай келе жатқан. Жүргізушінің айтуынша, ол көршілес жолаққа ауыспақ болған, алайда сол сәтте руль құлыпталып қалған.
Салдарынан көлік толық жылдамдықпен бетон қоршауға соғылған, жол бойындағы белгіні қағып кеткен. Қатты соққыдан қоршау орнынан жылжыған.
Жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, полиция қызметкерлері апат орнын қоршап алған.
Сонымен қатар, Алматыда 2026 жылғы 10 қыркүйекке қараған түні такси қатысқан тағы бір ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығысу нәтижесінде екі жүргізуші мен такси жолаушысы ауруханаға жатқызылды.
