...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 12 қабатты үйде өрт шығып, 72 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Алматының Медеу ауданындағы Самал-2 шағын ауданында 12 қабатты тұрғын үйде таңертең өрт шығып, 72 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер келген кезде үйдің жоғарғы қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанғаны анықталды. Сол сәтте оттың ғимарат шатырына таралу қаупі туындаған.

«Құтқару жұмыстары барысында ТЖМ күштері 10 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды. Сонымен қатар ғимараттан 72 адам эвакуацияланды, олардың арасында 8 бала және мүмкіндігі шектеулі 3 адам болды», — деп хабарлады ведомстводан.

Оттың ғимарат шатырына таралуына жол берілмеді. Өрт 35 шаршы метр аумақта сөндірілді.