...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Хо Ши Мин көшесі жабылады: төрт автобус бағыты өзгереді

28 шілдеден бастап Алматыда Хо Ши Мин көшесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты төрт автобус бағытының схемасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Көлік холдингінің мәліметінше, Хо Ши Мин көшесінің Универсиада көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі учаскесінде солтүстік бағытта қозғалыс толығымен жабылады. Шектеулер 28 шілдеден бастап күшіне еніп, жөндеу жұмыстары аяқталғанша сақталады.

Осыған байланысты жекелеген бағыттардың схемалары мен соңғы аялдамалары уақытша өзгереді:

— батыс бағытта: Бауыржан Момышұлы көшесі (солтүстік) — Универсиада көшесі (батыс) — Хо Ши Мин көшесі (солтүстік) — Мұхамедханов көшесі — Мұхамедханов көшесімен бұрылыс — Хо Ши Мин көшесі (оңтүстік) — Универсиада көшесі (шығыс) — «Нұркент шағын ауданы» соңғы аялдамасы;

— кері бағытта: «Нұркент шағын ауданы» соңғы аялдамасы — Универсиада көшесі (шығыс) — Бауыржан Момышұлы көшесі (оңтүстік) — әрі қарай бекітілген схема бойынша.

— оңтүстік бағытта: Хо Ши Мин көшесі (оңтүстік) — Универсиада көшесі (шығыс) — әрі қарай схема бойынша;

— кері бағытта: өзгеріссіз.

— оңтүстік бағытта: Бауыржан Момышұлы көшесі (оңтүстік) — Универсиада көшесі (батыс) — Хо Ши Мин көшесі (солтүстік) — сақинамен бұрылыс — Хо Ши Мин көшесі (оңтүстік) — Универсиада көшесі (шығыс) — «Нұркент шағын ауданы» соңғы аялдамасы;

— кері бағытта: «Нұркент шағын ауданы» соңғы аялдамасы — Универсиада көшесі (шығыс) — Бауыржан Момышұлы көшесі (солтүстік) — әрі қарай бекітілген схема бойынша.

— оңтүстік бағытта: Хо Ши Мин көшесі (оңтүстік) — Универсиада көшесі (шығыс) — әрі қарай схема бойынша;

— кері бағытта: өзгеріссіз.

Көлік холдингі жолаушыларды сапарларын жоспарлау кезінде уақытша өзгерістерді алдын ала ескеруге шақырды.

Бұған дейін қалада тағы 12 автобус бағытының схемасы уақытша өзгерген болатын.

Дереккөз: Inform.kz