...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда ескі полиция көліктерінің ондағаны аукционға қойылды

Алматыда бірнеше ондаған ескі полиция көліктерін саудаға шығарды. Аукцион бағаны төмендету қағидаты бойынша өтеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Лоттар электронды сауда алаңы порталында пайда болды. Сатылымға әртүрлі маркадағы 50-ден астам автокөлік қойылған. Көлік бағасы 1 991 550 теңгеден басталады — мысалы, халық арасында «Нива» деп танымал Lada-21214 автокөлігі осы тұрады. Жазуларға қарағанда, ол бұрын учаскелік қызметке тиесілі болған.

Көлік бағасы әртүрлі — Peugeot 301 бастапқы құны 2 126 940 теңге, 2 226 423 және 2 773 584 теңге. Ал Ssang Yong Actyon Sports 5 469 750 теңге, Kia Cerato — 8 167 785 теңге.

Сонымен қатар, 19 293 726 теңгеге полиция эвакуаторын табуға болады — бұл 2017 жылғы КАМАЗ.

Портал деректері бойынша, автокөліктер Алматы полиция департаментіне тиесілі, ал сатушы — Алматы қаласының мемлекеттік активтерді басқару басқармасы. Олардың көбі ішінара бөлшектелген — фаралары, бампері немесе басқа бөлшектері жоқ. Соққы салдары анық көрінетін зақымдалған көліктер де бар.